Мектеп парламенттері президенттері арасында интеллектуалды сайыс өтті

Мектеп парламенттері президенттері арасында интеллектуалды сайыс өтті

Шымкенттегі "Білім-Инновация лицейінің" 11-сынып оқушысы Мирас Сейлхан әлемнің 34 университетінен шақырту алды, деп хабарлайды Шымкент қаласының білім басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Мирас Сейлхан - өзі оқитын мектептің президенті, Z ұрпағына арналған BIL PRESS редакциясының негізін қалаушы, оған қоса BIL VOLUNTEERS еріктілер клубын ашқан.

Ол шетел оқу орындарына түсуге дайындықты 9-сынып соңында бастаған. Бұл үшін IELTS, Duolingo сияқты тесттерді тапсырып, жоғары көрсеткішке ие болды. Мысалы, Duolingo-дан 135, IELTS-тан 8.0 жинады. Сондай-ақ, 650 сөзден тұратын мотивациялық эссе жазған.

"Сол уақыттан бастап осы 11-сынып соңына дейін тек университетке түсу үшін уақыт жұмсадым", - дейді ол.

Осылайша Мирас Сейлхан шақыру алған оқу орындарының 12-сі Америка құрама штаттарында, бесеуі Ұлыбританияда, бесеуі Канадада, біреуі Испанияда, төртеуі Аустралияда және тағы басқалары.

Әзірше ол Colgate University, London School of Economics немесе Ithaca College оқу орындарын таңдап отыр. Оның болашақ мамандығы - қаржы және экономика саласымен байланысты.

Мирас Сейлхан университеттерден шақырту алуына кімдер үлес қосқанын айтты.

"Әр қадамымды бақылап отырған мұғалімдерім, мектепті бітіріп кеткен ағалар көмек берді", - дейді оқушы.

Мирас Сейлханның арманы - Қазақстанды жаңа деңгейге көтеру.

Мирас Сейлханның бауырымыздың айтуынша: "Арманым өтірік болып көрінуі мүмкін. Пікірлерде көбі мені шетелде қалып қояды деп жазып жатыр, алайда бұл мен ойлаған нарсе емес". Сондай-ақ әлеуметтік желі қолданушылары «Жарайсың», «Білімді мыңды жығады», «Біз сені қолдаумыз», «Жолын болсын» сынды ізгі тілектер жариялауда, деп хабарлайды Шымкент қаласының білім басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

 

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...