«Worldskills Shymkent-2022» aймақтық чемпионаты басталды

«Worldskills Shymkent-2022» aймақтық чемпионаты басталды

Шымкент қаласының "Жастар ресурстық орталығы" ғимаратында "WorldSkills Shymkent - 2022" кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңінің ашылу рәсімі өтті. Чемпионат "Жас маман" жобасы аясында заманауи құрал-жабдықтармен және техникалық жабдықталған құзыреттілік орталықтары қарастырылған қаланың жетекші 15 колледжінің базасында өтеді. "WorldSkills" чемпионатының аймақтық кезеңі 46 құзыреттілік бойынша 176 үміткердің қатысуымен "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Өндірістік және инженерлік технологиялар", "Қызмет көрсету саласы", "Білім беру", "Медицина", "Шығармашылық және дизайн", "Құрылыс және дизайн", "Көлік және дизайн" бағыттары бойынша өткізілмек. Чемпионат қатысушыларының конкурстық жұмыстарын кәсіпорындардың жетекші мамандарынан құралған тәуелсіз сарапшылар бағалайды. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі - бәсекеге қабылетті жастар буыны. Ал бұл тікелей жас Қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Елімізде жастар секторына ерекше назар аударылып, мемлекеттік бағдардамалар бойынша біліктілігін арттыруға, жаңа мамандықтарды игеруге, осы заманғы техника құралдарын шебер меңгеруіне барынша жағдай жасалып отыр. Аймақтық "WorldSkills Shymkent-2022" кәсіби шеберлік чемпионатының қатысушыларына сәттілік тілейміз!!!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...