Бақтыдағы құрғақ порт Абай облысының жаңа логистикалық орталығына айналады

Бақтыдағы құрғақ порт Абай облысының жаңа логистикалық орталығына айналады

Мақаншы ауданының Бақты ауылында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды. 2026–2028 жылдары жүзеге асырылатын жоба Абай облысының көлік-логистикалық мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымына жаңа бағыт қоспақ.

Бақты құрғақ порты Достық пен Қорғастан кейін екі ел арасындағы үшінші теміржол шекара өткелі болады. Жаңа торап шекараның өткізу қабілетін жылына қосымша 20–25 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Терминалдың жобалық қуаты – жылына 1 млн контейнер. 2032 жылға қарай 700 мың контейнер көлемін игеру жоспарланған.

Жобаның бірінші кезеңіне жеке инвестиция есебінен 210 млн АҚШ доллары салынады. Кешен үшін Бақты ауылдық округінен 150 гектар жер белгіленген. Мұнда контейнерлік және астық терминалдары, қоймалар, кедендік және логистикалық инфрақұрылым, автокөлік терминалы, сервистік нысандар мен жалпы ауданы 50 мың шаршы метрге дейінгі бондтық қоймалар салынады.

Құрылыс кезінде 800–1200 адам жұмыспен қамтылады. Толық іске қосылғаннан кейін 500–1000 тұрақты жұмыс орны, ал сервистік салаларда қосымша 1500–2000 жұмыс орны ашылады.

Облыс әкімі Берік Уәли жобаның Мемлекет басшысы айқындаған Қазақстанның транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейту міндетімен сабақтас екенін атап өтті.

Бақтыдағы жаңа торап қолданыстағы шекара өткелдерінің жүктемесін азайтып, экспорт пен халықаралық транзитті ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл Мақаншы ауданы үшін инвестиция, жұмыспен қамту және шекара маңы экономикасын дамытуға негіз болатын жаңа өсу нүктесін қалыптастырады. Жоба облыстың халықаралық сауда жүйесіндегі орнын нығайтып, жаңа өндірістер мен сервистік кәсіпорындардың қалыптасуына да жол ашады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...