Семейде Абай күніне орай жаңа Рәміздер алаңы ашылды

Семейде Абай күніне орай жаңа Рәміздер алаңы ашылды

Семейде Абай күніне орай жаңа Рәміздер алаңы ашылды. Қоғамдық-мәдени кеңістік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Абайға құрмет» акциясы аясында пайдалануға берілген алғашқы нысан болды.

Солтүстік Қазақстан облысының Абай еліне тартуы саналатын алаң Бейбітшілік аралында алты айға жетпейтін уақытта салынды. Оның жалпы аумағы 2 гектарды құрайды. Дөңгелек пішіндегі сәулеттік композицияның диаметрі 28 метр, ал орталық мемлекеттік Ту тұғырының биіктігі 35 метрге жетеді. Елтаңба мен Әнұран мәтіні 10 метр биіктікте орналастырылған.

Жаңа кеңістікте жаяу жүргіншілер жолдары, демалыс орындары, орындықтар мен көгалдандырылған гүлзарлар қарастырылған. Енді мемлекеттік Туды ресми көтеруге арналған салтанатты рәсімдер осы алаңда ұйымдастырылады.

Облыс әкімі Берік Уәли нысанның ашылуын ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен өңіраралық ынтымақтастықтың көрінісі ретінде бағалады. Биыл Бейбітшілік аралындағы 20 метрлік «Өлімнен де күшті» монументі мен 25 метрлік Бейбітшілік стэлласы да күрделі жөндеуден өтіп, аумағы абаттандырылды.

Алдағы уақытта Президент тапсырмасына сәйкес аралда 56 гектарлық Экологиялық саябақ салу жоспарланған.

«Абайға құрмет» акциясы аясында Семейде Достық үйі, шығармашылық және медиаорталықтар, Жекпе-жек сарайы, стадион және басқа да әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Рәміздер алаңы осы ауқымды бастаманың алғашқы нақты нәтижесіне айналып, Абай күнінің мазмұнын ұлттық бірлік, тарихи жады және мемлекеттік рәміздерге құрмет ұғымдарымен толықтырды. Жаңа алаң қала тұрғындары мен қонақтары үшін тағылымды қоғамдық кеңістік ретінде қызмет етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...