Абай облысында жылу инфрақұрылымын жаңғыртуға 14,5 млрд теңге бағытталды

Абай облысында жылу инфрақұрылымын жаңғыртуға 14,5 млрд теңге бағытталды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда өңірдің жалпы дайындығы 73 пайызға жетті. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 21 пайызға жоғары.

Биыл жылу инфрақұрылымын жаңғыртуға 14,5 млрд теңге бағытталды. Өңір бойынша 17 жылу көзінде күрделі, 32 нысанда ағымдағы жөндеу жүргізіліп, 38 шақырымнан астам жылу желісі жаңартылуда.

Негізгі жұмыстар Семейде шоғырланған. Қалада жалпы құны 14,2 млрд теңге болатын 32 жоба жүзеге асырылып жатыр. Күрделі жөндеуге жоспарланған 13 жылу көзінің сегізінде жұмыс аяқталды. «Теплокоммунэнерго» кәсіпорнының инфрақұрылымын жаңартуға 5,877 млрд теңге бөлініп, 21 жылу көзінің 12-сіндегі 19 қазандық күрделі жөндеумен қамтылды.

Қазір кәсіпорынның 21 жылу көзінің 16-сы маусымға толық дайын. Жылу желілерінің 38 шақырымында жүргізіліп жатқан жұмыстың 22,4 шақырымы аяқталды. Жөндеу толық біткенде желілердің тозу деңгейі 58,2 пайыздан 54,1 пайызға дейін төмендейді.

Семейде бұдан бөлек тоғыз жаңғырту жобасы жүзеге асырылып, 11,8 шақырым желі мен екі жылу көзі жаңартылады.

Өңірдің маусымдық көмір қажеттілігі 1,2 млн тоннаны құрайды. Жеткізуді уақытылы бастау үшін «Қаражыра» АҚ-мен шарт жасалған.

Облыс әкімі Берік Уәли әрбір коммуналдық және әлеуметтік нысанның нақты дайындығына басымдық беруді тапсырды. Жылу жүйелерін жаңарту мен отын қорын алдын ала қалыптастыру қыс мезгілінде тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханаларды тұрақты жылумен қамтамасыз етудің негізгі шарты саналады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...