«Таза Қазақстан»: ҚазҰУ-да қайта өңделген металдан жасалған арт-нысандар орнатылды

«Таза Қазақстан»: ҚазҰУ-да қайта өңделген металдан жасалған арт-нысандар орнатылды

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кампусында арнайы символдық арт-нысандар орнатылды. Жоба жастар арасында экологиялық мәдениетті орнықтыруға, табиғатты аялау санасын қалыптастыруға және университет қалашығының эстетикалық келбетін байытуға бағытталған, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Студенттер жиі жиналатын орталық аумақта орналасқан әрбір арт-композиция белгілі бір идея мен университет құндылықтарын бейнелейді.

«Экотұлпар» композициясы – университет туын көкке көтерген тұлпар үстіндегі қыз мүсіні. Ол жас ұрпақтың білімге, инновацияға және көшбасшылыққа ұмтылысын білдіреді.

«Таза әлем» глобусы қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын, жаһандық экологиялық жауапкершілікті және табиғи тепе-теңдікті сақтауды бейнелейді.

«Кітаптар композициясы» ҚазҰУ-дың көпсалалы мәртебесін және университеттегі ғылыми-білім беру бағыттарының кең ауқымын көрсетеді.

Аталған арт-нысандар металл қалдықтары мен істен шыққан бөлшектерді қайта өңдеу арқылы құрастырылған. Бастама студенттерге «Таза Қазақстан» акциясының негізгі идеясын – қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және ресурстарды үнемдеу қажеттігін нақты тәжірибеде көрсетеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үлкен нарықтағы барлық тұтынушыға бірдей ұсыныс жасау әрдайым тиімді емес. Адамдардың табыс деңгейі, жасы, қажеттілігі, сатып алу әдеті және белгілі бір өнімге...