Тұрғындар өтінішінің орындалуы басты назарда

Тұрғындар өтінішінің орындалуы басты назарда

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың дамуы мен тазалығына атсалысып жүрген Әл-Фараби ауданының белсенді азаматтарымен кездесті.

Тұрғындар көтерген әрбір мәселенің орындалуы өз бақылауында болатынын айтқан қала басшысы бүгінгі кездесуде айтылған ұсыныстар мен өтініштер негізінде қаламыздың тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Бұған дейін болған кездесулерде жалпы алпыс сегіз мәселе көтерілген болатын. Бүгінде оның 28-і толық орындалып, тұрғындардың өтініші қанағаттандырылған. Ал жиырма тоғыз тапсырма орындалу үстінде. Сондай-ақ, тұрғындардың 5 өтініші тұрақты бақылауды қажет етсе, 2 ұсыныс келесі жылы жүзеге асырылмақ.

Мәселен «Сәуле» шағын ауданынан жүретін қоғамдық көліктердің «Қазығұрт» шағын ауданына дейін ұзарту туралы өтініш берілген болатын. Нәтижесінде №96 және №43 маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгертіліп, тұрғындарға қолайлы етіп жасалды.

Сондай-ақ, 195 орамдағы Қырыққыз көшесін жарықтандыру бойынша ұсыныс бірден назарға алынып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Бүгінде аталған көшеге отыз бір жарық шамдары орнатылды.

Ал, Әл-Фараби ауданының үй басқарушылары мен белсенді азаматтарынан құрылған кеңесте инфрақұрылым, жол, қоғамдық көлік, тазалық сынды әлеуметтік мәселелер шешімін табуда. Әл-Фараби ауданының инфрақұрылым саласы жылдан жылға артып, қаламыздың көркеюіне өзіндік үлесін қосуда. Айта кетерлік мәселелердің бірі жол мәселесі. Аудан бойынша бір шама көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сол себебті қаламыздың тұрғындарынан келтірілген қолайсыздықтардан кешірім сұраймыз. Сондай-ақ Әл-Фараби ауданында тазалық жұмыстары тиісті деңгейде орындалып отырады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...