Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, Қазақстанның ұлттық мүдделерін дәйекті түрде ілгерілетуді, теңгерімді сыртқы саясатты нығайтуды және экономикалық дипломатияны дамытуды тапсырды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Көпжақты ынтымақтастықты жандандыруға және шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы халықаралық іс-шаралардың кестесі қаралды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қазақстанға алғашқы ресми сапарымен келген Лаос Халық Демократиялық Республикасының...