Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады

Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктің негізгі міндеттерін айқындап, орман қорын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруды, ұлттық парктер инфрақұрылымын дамытуды, қалдықтарды өңдеу есебінен тұйық циклді экономика қалыптастыруды тапсырды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарататын зауыт салып, бұл істі басқа өңірлерде де жалғастыру келешегіне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ экологиялық мәдениетті арттыру мен «Таза Қазақстан» бастамасын ары қарай тиімді іске асырудың маңызына мән берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанда Network School Kazakhstan – әлемнің түкпір-түкпірінен кәсіпкерлерді, инженерлерді, зерттеушілерді және технологиялық өнім жасаушыларды...