Атырау вагон жасау зауыты Батыс Қазақстанда бірегей теміржол кластерін қалыптастыруда

Атырау вагон жасау зауыты Батыс Қазақстанда бірегей теміржол кластерін қалыптастыруда

«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы ҚанатШарлапаев Атырау облысына іс-сапары аясында «TEXOL» компаниялар тобының «Махамбет» өндірістік-пайдалану кешені базасындағы Атырау вагон жасау зауытыныңтыныс-тіршілігімен танысты.

2024 жылы негізі қаланған отандық машина жасау кәсіпорны бүгінде 600-ден астам жоғарыбілікті маманды жұмыспен қамтып, өңірдегі өнеркәсіптің дамуына серпін беріп отыр.

АВЖЗ айналасында вагондарға қызмет көрсету, жөндеу және сынақтан өткізу, сондай-ақ газ цистерналарымен жұмыс істеубағыттарын қамтитын бірыңғай теміржолкластері қалыптасты.

Кластер құрамында «Махамбет» ППК базасындағы вагондар мен газ цистерналарына арналған жөндеу-сынақпункттері, вагон-доңғалақ шеберханасы, бояужәне жуу кешендері жұмыс істейді. Соныменқатар мұнда 6 мың текше метр сұйытылған мұнай газын (СМГ) сақтауға арналғанқоймалар және жалпы ұзындығы 25 шақырым болатын вагондарды қою жолдары бар. Аталған жолдарда бір мезетте 1 500 вагонға дейін орналастыруға мүмкіндік қарастырылған.

Кластер құрамына Құлсары қаласында орналасқан, Қазақстандағы газ цистерналарына арналған ең ірі жөндеу-сынақ пункті саналатын «РИП-газ» ЖШС, сондай-ақ«Texol Steel Technology» ЖШС-нің құю өндірісіжәне Батыс Қазақстандағы ең ірі вагон жөндеуде поларының бірі – «Ақ-Жайық-7» ЖШС кіреді.

Қалыптасып жатқан кластер теміржол инфрақұрылымының өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтіп, вагондар мен арнайы жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жергілікті деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «TEXOL» тобы тасымалдау қауіпсіздігі бойынша өңірдегі көшбасшысаналады. Компания тасымалдарды қауіпсіз ұйымдастырудың SSTP (Safety System Transportation Program) бағдарламасын жүзеге асырып, цистерналарға далалық жағдайдақызмет көрсету үшін апаттық жағдайда әрекететудің мобильді модулін (ММАВР) бірінші болып өндіріске енгізді.

Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде кәсіпорын өндіріс қуатын тұрақты түрде арттырып, Қазақстанның ішкі нарығын сапалы теміржол өнімдерімен және кешенді сервистік қызметтермен қамтамасыз етіп келеді.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

«Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы ҚанатШарлапаев Атырау облысына іс-сапары аясында «TEXOL» компаниялар тобының «Махамбет» өндірістік-пайдалану кешені базасындағы...