Астанада Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері арасында шағын футболдан өткен чемпионаттың жеңімпаздары анықталды

Астанада Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері арасында шағын футболдан өткен чемпионаттың жеңімпаздары анықталды

«Сайран Арена» спорт кешенінде Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелері арасында өткен шағын футбол чемпионатының қорытындысы шығарылды. Биыл алғаш рет Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабы бастығының кубогы үшін чемпионат ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Жарысқа 35 команда құрамында 350-ден астам спортшы қатысты. Төрешілік екі топ бойынша жүргізілді. Бірінші топқа Қорғаныс министрлігінің департаменттері, басқармалары мен орталықтары кірді. Екінші топта Қарулы күштердің бас басқармалары, басқармалары мен әскери бөлімдері бағын сынады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров марапаттады.
– Футбол алаңында команданың нәтижесі әр ойыншының іс-қимылына байланысты қалыптасады. Мұндай жарыстар әскери қызметшілердің дене дайындығын жетілдіруге, өзара іс-қимыл мен үйлесімділікті дамытуға, командалық рухты нығайтуға ықпал етеді. Осындай іс-шараларға қатысу тек дене дайындығын жоғары деңгейде ұстауға ғана емес, әскери ұжымдардың ауызбіршілігін арттыруға да мүмкіндік береді, – деп атап өтті ол.
Жалпы командалық есепте бірінші топта Ұлттық әскери-патриоттық орталығының құрамасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Әскери-ғарыштық бағдарламалар орталығының командасы иеленсе, үшінші орын Халықаралық ынтымақтастық департаментінің командасына бұйырды.
Екінші топта чемпион атанған – Әскери полиция бас басқармасының командасы. Екінші орын 14776 әскери бөлімінің құрамасына берілсе, үшінші орын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің (ҰҚУ) командасына тиесілі болды.
Чемпионат қорытындысы бойынша жекелеген номинациялардағы үздіктер де анықталды. Бірінші топта «Үздік қақпашы» атағын сержант Сержан Жандыбаев, ал «Үздік шабуылшы» аталымын сержант Нұргелді Жәкенов иеленді. Екеуі де Ұлттық әскери-патриоттық орталығының өкілдері. «Үздік ойыншы» атағына Әскери-ғарыштық бағдарламалар орталығының майоры Думан Шәймерденов ие болды.
Екінші топта «Үздік қақпашы» номинациясы Әскери полиция бас басқармасының ефрейторы Жандос Айтмағамбетұлына бұйырды. «Үздік шабуылшы» атанған – 14776 әскери бөлімінің кіші сержанты Қуат Қажымұқанов. «Үздік ойыншы» атағын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің қатардағы жауынгері Мәди Мәлікұлы алды.
Бұдан өзге Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров чемпионат жүлдегерлері, ҰҚУ коменданттық взводында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген қатардағы жауынгерлер Мәди Мәлікұлы мен Байжан Райымбекті 10 тәулік демалыспен марапаттады.
Шағын футбол чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубоктар, медальдар және дипломдар табысталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмір генерациясын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР...

«Сайран Арена» спорт кешенінде Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелері арасында өткен шағын футбол...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты...