Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

Еңбек ауылы – 3 жыл ішімдіксіз, 2 жыл қылмыссыз

Түлкібас ауданының Еңбек ауылы салауатты өмір салтын ұстанып, толықтай «Ішімдіксіз ауыл» мәртебесін иеленді. 131 үйі бар, мыңнан аса тұрғыны бар елді мекенде соңғы 3 жылда алкоголь мүлдем сатылмайды, ал соңғы 2 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
Ауылдың тыныс-тіршілігі өзгеріп, балалардың шат күлкісі, ақсақалдардың мазмұнды әңгімелері, әжелердің салт-дәстүрді дәріптеуі ауылдың рухани келбетін айшықтап келеді. Отбасылық береке мен тыныштықты нығайту — ауыл тұрғындарының басты ұстанымына айналған.
Мектептерде, мешіттер мен мәдениет үйлерінде «Салауатты өмір – жарқын болашақ кепілі» атты кездесулер өткізіліп, жастарға алкогольдің зияны жан-жақты түсіндірілуде.
Еңбек ауылының учаскелік полиция инспекторы Ерсейт Молдақұловтың айтуынша, ішімдік — қылмыс пен тұрмыстық жанжалдың негізгі себептері. Сондықтан ауылдың бұл бастамасы – құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған тиімді жобалардың бірі.
Бүгінде ауыл тұрғындары той-мерекелерді де ішімдіксіз өткізуді дәстүрге айналдырып, қоғамға үлгі боларлық орта қалыптастырды. Еңбек ауылы «ішімдіксіз орта мен қауіпсіз қоғам» қағидатының нақты дәлелі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылғы 14 қарашада Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы Тараптарының...

Түркістан қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жергілікті өнімдерді кеңінен таныстыру және жаңа өткізу нарықтарын іздеу маңызды. Осы...

Қолданыстағы қағидалар ата-аналардың балалар арбасымен қоғамдық көлікте жүруіне тыйым салмайды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік...

Түркістан қаласында шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңызды бағыттарының бірі тұрғын аудандардағы күнделікті қызметтер нарығын кеңейту болып саналады. Қала тұрғындары...