Қазақстаннан Сингапурға әуе рейсі ашылады

Қазақстаннан Сингапурға әуе рейсі ашылады
ҚР Көлік министрлігі әуе қатынасының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеді. Ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Сингапур бағыты бойынша жаңа рейсті іске қосады. Рейстер аптасына екі рет орындалады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған рейстің ерекшелігі – қазақстандық әуе компаниясының Қытай аумағы арқылы транзитпен ұша отырып, «әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі» құқығын пайдалануы. Яғни жолаушылар Қытайдың Санья қаласына дейін ұшып, одан әрі Сингапурға сапарын жалғастыра алады.

Осылайша, әуе компаниясы жолаушыларды тек Қазақстан мен Сингапур арасында ғана емес, сонымен қатар Қытай мен Сингапур арасында да тасымалдауға мүмкіндік алады.

Қазақстан мен Сингапур арасындағы әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы туризм, инвестициялық және іскерлік байланыстарды одан әрі дамытуға, сондай-ақ Қазақстанның Орталық Азиядағы транзиттік хаб ретіндегі әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылғы 14 қарашада Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы Тараптарының...

Түркістан қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жергілікті өнімдерді кеңінен таныстыру және жаңа өткізу нарықтарын іздеу маңызды. Осы...

Қолданыстағы қағидалар ата-аналардың балалар арбасымен қоғамдық көлікте жүруіне тыйым салмайды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік...

Түркістан қаласында шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңызды бағыттарының бірі тұрғын аудандардағы күнделікті қызметтер нарығын кеңейту болып саналады. Қала тұрғындары...