Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұхановты қабылдады

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұхановты қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрлігі қызметіндегі басым бағыттарды айқындап, ведомствоға бірқатар нақты міндет жүктеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент маусымдық төтенше жағдайларға дайындықты пысықтау, аудандық және ауылдық бөлімшелерді одан әрі дамытып, оларды техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру жөнінде тапсырма берді.

Өрт, өнеркәсіп және сейсмология қауіпсіздігі мәселелеріне, халықты хабардар ету жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ қатерлерді болжау мен ерте анықтау үшін цифрлық шешімдерді, жасанды интеллектіні енгізуге ерекше назар аударылды.

Президент ведомствоның кадрлық әлеуетін нығайтып, құтқарушылардың кәсіби даярлығын күшейтуді тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кәсіпорын ассортиментінің көп болуы әрдайым жоғары табыс әкеледі деген сөз емес. Кейбір тауарлар жақсы сатылғанымен, олардың пайдасы төмен болуы...