Үкіметте әлеуметтік саланы дамыту мәселелері қаралды

Үкіметте әлеуметтік саланы дамыту мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының денсаулық сақтау, оқу-ағарту, туризм және спорт салалары жөнінде берілген тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың, туризм және спорт министрі  Ербол Мырзабосыновтың есептері тыңдалды.

Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, азаматтарға медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен білім беру сапасын арттыру, сондай-ақ бұқаралық спортты дамыту және туризмнің ел экономикасындағы үлесін ұлғайту мәселелеріне тоқталды.

Кеңес барысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салынып жатқан әлеуметтік нысандарға кешенді талдау жүргізу, оларды сапалы әрі уақтылы пайдалануға беру қажеттігі атап өтілді.

Жиын қорытындысы бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

11 қыркүйекте Түркістанда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымы Бас прокурорлары кеңесінің...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Келес ауданында «Күзгі тазалық –...