Қазақстанда 277-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымы ашылды

Қазақстанда 277-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымы ашылды

Павлодар облысы Железин ауданының Уәлиханов ауылында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында өрт сөндіру бекетінің құрылысы аяқталды. Жаңа бекет Уәлиханов, Еңбекші, Абай және Кузьмино елді мекендеріндегі 1000-ға жуық тұрғын мен 12 шаруа қожалығы мен кәсіпкерлік субъектісінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Ашылу салтанатына Павлодар облысы ТЖД бастығы Рустамбек Амрин және Павлодар облысы әкімінің орынбасары Серік Туленбергенов қатысты.

Бекет бір өрт сөндіру автокөлігін орналастыруға арналған. Өрт сөндіру автокөлігін ТЖМ берді. Сонымен қатар ведомство бекетті байланыс құралдарымен және жауынгерлік киім-кешекпен қамтамасыз етті. Қызмет атқару үшін төрт штаттық бірлік қарастырылған, бұл жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

Ғимарат жеке құрамға арналған әкімшілік-тұрмыстық бөлмелермен, оның ішінде демалыс, тамақтану және санитариялық-тұрмыстық орындармен жабдықталған. Сондай-ақ тәулік бойы кезекшілік атқаруға және өрттер мен төтенше жағдайларға жедел ден қоюға қажетті жағдайлар жасалған.

Жаңа өрт сөндіру бекетінде қызметкерлер үшін заманауи әрі қолайлы жағдай жасалды.

«Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымын құруға және дамытуға қосқан үлесі үшін жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне Павлодар облысы ТЖД атынан алғыс хаттар табысталды.

«Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекетінің құрылуы ауылдық жерлердегі өрт қауіпсіздігі деңгейін арттырып, төтенше жағдайларға ден қою уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ