Қазақстанда «Ұстазым, ардақты ұстазым!» республикалық акциясы басталды

Қазақстанда «Ұстазым, ардақты ұстазым!» республикалық акциясы басталды
Мұғалімдер күні қарсаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұстаздарға алғыс білдіруге және олардың еңбегін дәріптеуге бағытталған «Ұстазым, ардақты ұстазым!» республикалық акциясын бастайды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бастама 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде өтетін «Ұстаз - ұлт шамшырағы» іс-шаралары аясында жүзеге асырылады. Осы кезеңде білім беру ұйымдарында педагог мәртебесін арттыруға және ұстаздық кәсіпті дәріптеуге бағытталған мерекелік, ағартушылық және тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады. 

Бүгінде Қазақстандағы 23 мыңға жуық білім беру ұйымында 600 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Олардың күнделікті еңбегі білім сапасын қамтамасыз етуде, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және еліміздің адами капиталын дамытуда маңызды рөл атқарады. 

Акция аясында әрбір азамат өзінің ұстазы немесе тәлімгері туралы айтып, естелігімен бөлісіп, алғысын білдіре алады.

Қатысушылар әлеуметтік желілерде ұстазы туралы фото, видео немесе оқиғасын #ҰстазымАрдақтыҰстазым хэштегімен жариялай алады, хат немесе ашықхат жолдай алады, сондай-ақ алғысын жеке білдіре алады. 

Министрлік оқушыларды, түлектерді, ата-аналарды, қоғам өкілдерін және барша қазақстандықтарды акцияға қосылып, өмірінде із қалдырған ұстаздары туралы естеліктерімен бөлісуге шақырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқанының барысы қаралды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің алдағы жылыту маусымына дайындық мәселесі күн тәртібінен тыс...

Kazinform агенттігі мақаланыңмәтінін жариялады. Саясатта да, экономикада да сенім – капитал, ал сенімділік оның ең жоғарғы формасы саналады. Халықаралық дүрбелең белең алған кезеңде дәл осындай...