Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

ГФР, Берлин қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев D.A.R. Metall AG компаниясымен серіктестікті дамыту және заманауи неміс технологияларын игеру еліміздің өнеркәсіп және экология саласындағы басымдықтарына толық сай келетінін атап өтті. Осыған орай кездесу барысында Қазақстанда металл өңдеу жобасын бірлесе іске асыру перспективасына айрықша мән берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан үшін металлургия секторы аса маңызды екеніне назар аударып, саланың маңдайалды кәсіпорны – Qarmet компаниясында жүргізіліп жатқан реконструкция барысын баяндады.

Өз кезегінде Кристиан Артнер неміс компаниясының Қазақстанда өндіріс жобаларын жалғастыруға ниетті екенін растады. D.A.R. Metall AG Алатау қаласында тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеуге, сондай-ақ Qarmet компаниясымен жаңа бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ГФР, Берлин қаласы Марапаттау салтанатында Мемлекет басшысы Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сүбелі...

Германия Федеративтік Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі Франк-Вальтер Штайнмайер мырзаның шақыруы бойынша Қазақстан Республикасының...

Германия, Берлин қаласы Мемлекет басшысы Германияға шақырғаны үшін Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайерге алғыс айтып, жоғары деңгейдегі қарқынды...