Референдум: Аудан орталығында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Референдум: Аудан орталығында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
2022 жылдың 5 маусым күні өткізілетін Республикалық референдум туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына орай Сайрам ауданында ақпараттық - насихаттық жұмыстар жүргізілуде.
Бүгін Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанындағы еріктілер тобы аудан орталығындағы халық көп шоғырланатын орындарда, базарлар мен автотұрақтарда түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үнпарақтар таратты. Арнайы хабарландырулар орналастырды.
Түсіндірме барысында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы бойынша өтетін референдум аясында ақпараттар берілді.
Сондай-ақ, заңдағы өзгерістерге халықтың өз үлестерін қосуларының маңыздылығы айтылып, референдумға қатысуға және белсенділік танытуға шақырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматы облысындағы Жетісу станциясы теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды. Жаңартылған нысан жолаушылар үшін кең, заманауи әрі жайлы болып, қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптарына...

​Делегация Международной организации по миграции и представители государственных органов Греции, Венгрии, Таджикистана, Туркменистана и Узбекистана...

Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері...