ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады

ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарының билеттеріне жеңілдік енгізілетінін хабарлайды. 2026 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін жол жүру құны 10%-ға төмендетіледі, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жеңілдік Ұлттық тасымалдаушы пойыздарындағы барлық вагон түрлеріне, сондай-ақ, қала маңындағы пойыздарға қолданылады. Осылайша, жолаушылар күзгі-қысқы кезеңде сапарға шығу үшін билеттерді төмендетілген бағамен сатып ала алады.

Билеттер bilet.railways.kz ресми сайтында және теміржол вокзалдарының билет кассаларында қолжетімді.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ