Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы жобалармен танысты

Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен цифрландыру саласындағы жобалармен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge 2026 халықаралық ІТ форумы аясында жасанды интеллект, цифрлық технология және роботты техника салаларындағы перспективті жобалар көрмесіне барды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Qazaq AI Research University базасында жасалған AI-Enabled University моделі, Trusted Kazakhstan, ALFA жобалары, Aitu ұлттық мессенджерінің жаңа функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.

Бұдан бөлек, көрме қонақтары «Самұрық-Қазына» қоры мен Higgsfieldai компаниясының интеллектуалдық шешімдерімен және «Деректерді өңдеу орталығы алқабын» дамыту жоспарымен танысты.

Ұсынылған әзірлемелер жасанды интеллектіні экономика мен мемлекеттік басқарудың түрлі саласына енгізуді, отандық цифрлық инфрақұрылымды қолдауды және Қазақстанның өңірлік технологиялық хаб ретіндегі позициясын нығайтуды көздейді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкентте айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың «Шабыт шалқығанда» атты кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға ақынның жылдар бойы жинақталған шығармашылық мұрасы таныстырылды....

Түркістан қаласында шағын өндірісті дамыту және ішкі нарықтағы отандық өнімдердің үлесін арттыру кәсіпкерлік саласының маңызды бағыттарының бірі...

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ ұжымына «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының шешімімен...