Түркістан облысында акцизделетін өнімдерге бақылау күшейтілді

Түркістан облысында акцизделетін өнімдерге бақылау күшейтілді

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа салық кодексіне сәйкес акциздік салаға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша Мемелекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысының міндетін атқарушы Жанат Байғұт мәлімдеді.

«Биылдан бастап акцизделетін тауарлардың тізімі толықты. Олардың қатарына энергетикалық сусындар, сондай-ақ құны 18 мың айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асатын жеңіл автомобильдер мен бағасы 24 мың АЕК-тен жоғары кемелер және әуе кемелері енгізілді. Сонымен қатар, алкоголь және темекі өнімдеріне салынатын акциз мөлшерлемелері жаңартылды. 2026 жылы энергетикалық сусындарға литріне 100 теңге акциз белгіленді. Бұл мөлшерлеме 2027 жылы – 140 теңге, 2028 жылы – 180 теңге, 2029 жылы – 200 теңге, ал 2030 жылдан бастап 240 теңге болады. Сыраға акциз мөлшерлемесі литріне 99 теңге, шарапқа – 38 теңге, ал сигареттер мен сигариллаларға 1000 данаға 18 051 теңге болып белгіленген. Сыра және сыра сусындарының айналымына қойылатын талаптар да күшейтілді. 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап банкілердегі сыра мен сыра сусындарын таңбалау және олардың толық қадағалануы жолға қойылады. Өнімдерді таңбалау "Data Matrix" коды арқылы жүзеге асырылады. Сыраны бөлшек саудада өткізетін кәсіпкерлер Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде тіркеліп, кассалық жабдықтарын бейімдеуі және 2D-сканер немесе таңбалаумен жұмыс істейтін веб-касса қолдануы қажет. Өнімді сату кезінде оның "Data Matrix" коды сканерленіп, тауар жүйеде айналымнан шығарылады. Тексерулер барысында акциздік маркасы жоқ және таңбаланбаған контрафактілік өнімдер анықталып, тәркіленуде, ал заң талаптарын бұзған тұлғалар жауапкершілікке тартылуда. Бұл шаралар заңсыз тауар айналымын шектеуге, адал кәсіпкерлікті қорғауға, бюджет кірістерін арттыруға және тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған» - деді спикер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ