Мемлекет басшысы Германия бірлігі күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Германия бірлігі күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайерді және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцті ұлттық мереке – Германия бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бұл Германияның табанды әрі жасампаз күш-қуатын, өркендеу жолындағы нық қадамын танытатын айтулы күн екенін атап өтті.

Сондай-ақ Президент жуырда Германияға жасаған ресми сапарында жылы қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін шынайы ризашылық білдіріп, мазмұнды өткен келіссөздерді жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы Берлинде қол жеткізілген уағдаластықтар қазақ-герман стратегиялық серіктестігін кеңейтуге және басым салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға жол ашатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайер мен Фридрих Мерцтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласында азық-түлік саудасы мен қоғамдық тамақтану саласының тиімді жұмыс істеуі өнімдерді дұрыс сақтау және жеткізу жүйесіне байланысты. Әсіресе...

Ербол Мырзабосынов Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. 100 келіге дейінгі салмақ...

Түркістан қаласында шағын өндірісті дамыту және жергілікті кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейту экономикалық өсудің маңызды бағыттарының бірі болып саналады....