Қайта жаңғырту барысында вокзал ғимаратын жаңартуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілді. Шатыры мен қасбеті толық ауыстырылып, ішкі бөлмелерді әрлеу жұмыстары орындалды. Инженерлік коммуникациялар – кәріз, су, жылыту жүйелері, электр және әлсіз ток желілері жаңартылды.
Вокзалға іргелес аумақты абаттандыруға ерекше көңіл бөлінді. Вокзал маңындағы аумақты ретке келтіру бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп, жолаушылардың вокзалда болу жағдайын жақсартуға және қызмет көрсету жайлылығын арттыруға мүмкіндік берді.
Ақсу-2 станциясының вокзалы II санатқа жатады. Станция арқылы Ақсу қаласын Алматы, Астана, Павлодар, Семей, Өскемен және Маңғыстау бағыттарымен байланыстыратын сегіз жолаушылар пойызы өтеді.
Вокзалды қайта жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға және қала тұрғындары мен қонақтары үшін неғұрлым жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.


