Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид шағын құрамда келіссөз жүргізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид шағын құрамда келіссөз жүргізді

Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, Президент оркестрі Қазақстан мен Оманның әнұрандарын шырқады.

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Президент мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Оман Сұлтанының Қазақстанға жасаған бірінші сапарының  маңызды оқиға екенін атап өтті.

– Аса мәртебелі Сұлтан, елімізге алғаш рет мемлекеттік сапармен келген Сізді қарсы алу – мен үшін үлкен мәртебе. Мұның тарихи мәні ерекше екеніне сенімдімін. Өйткені бұл елдеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жандандырып, жаңа деңгейге көтеруге жол ашады. Бұған дейін атап өткендей, өзара ықпалдастықтың әлеуеті мол. Мұны толығымен іске асыру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы елдеріміз сенімді серіктеске айналуы үшін барынша күш салатынын айтты.

– Қазақстандықтар еліңізге ерекше құрметпен қарайды. Оманға саяхаттап барған азаматтарымыздың қатары қалың. Алайда Маскатты, Оманның басқа да қалаларын көрмеген отандастарымыз бар. Елдеріміз арасында қосымша тікелей коммерциялық әуе рейстері ашылса, барыс-келіс әлдеқайда жандана түсері сөзсіз. Сіздің сапарыңыз аясында Доңға мұнай кен орнына қатысты маңызды келісімге қол қойылғанынан хабардармын. Бұл да қос тараптың өзара қарым-қатынасты ілгерілетуге мүдделі әрі дайын екенін көрсетеді. Мұны ортақ жетістігіміз деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оман Сұлтаны қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

– Кейінгі отыз жылдан аса уақыт ішінде қарым-қатынасымыз айтарлықтай ілгерілеп, нығая түсті. Бүгінгі кездесуіміз қол жеткізілген нәтижелерді бекемдеп, екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтереді. Сапар аясында өзара түсіністік жөніндегі бірқатар келісім мен меморандумға қол қоямыз. Сіздің қолдауыңызбен экономика, саяси және мәдени-гуманитарлық салаларда берік байланыс орнатамыз деп сенемін. Біз екі ел арасындағы барыс-келістің артуына мүдделіміз.  Президент мырза, жылы қарсы алғаныңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Өзіңізбен жақын арада Маскат қаласында жүздесеміз деп ойлаймын, – деді Хайсам бен Тариқ Әл Саид.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Тәуелсіздік сарайында елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды ...

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру барысы қаралды, деп...

Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс өңірлердің жылыту маусымына дайындығы қаралды. Бүгінде 11 өңірде жылу беріле бастады, деп хабарлайды ...

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «KUSTO GROUP», «CP GROUP», «CP CHINA» компанияларының басшыларымен кездесу өткізді, деп...