Шымкентте «Заңды күлкі» республикалық Жайдарман ойыны өтті

Шымкентте «Заңды күлкі» республикалық Жайдарман ойыны өтті

2026 жылғы 9 қазанда Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Заңды күлкі» республикалық Жайдарман ойыны өтті.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен іс-шара жастар арасында құқықтық мәдениетті, адалдық пен жауапкершілікті насихаттауға бағытталды. Еліміздің әр өңірінен келген командалар заңға құрмет пен қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл арқылы жеткізді.

Ойын қорытындысы бойынша:

- І орын — «Шум болалар» (Өзбекстан) — 1 000 000 теңге.
- ІІ орын — «Ақпен бірге» (Астана) — Cornelli брендінен 500 000 теңгелік сертификат.
- ІІІ орын — «Шапалақ» (Талдықорған) — Cornelli брендінен 500 000 теңгелік сертификат.

Тегін ұйымдастырылған ойын жастардың шығармашылық әлеуетін қолдап, құқықтық сауаттылық пен заңға құрметті арттыруға үлес қосты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Еліміздің өңірлерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнеркәсіпті дамытуға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және азаматтардың өмір сүру сапасын...