Қазақстанда 17 мың шақырым электр желілерін жаңғырту толық аяқталды

Қазақстанда 17 мың шақырым электр желілерін жаңғырту толық аяқталды
Күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында елімізде электр желілеріне күрделі жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстардың көлемі орындалды. Биыл 17,1 мың шақырым электр беру желісі, 444 қосалқы станция және 3,4 мыңнан астам тарату және трансформаторлық пункт жөнделді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Жұмыстар еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп, электрмен жабдықтаудың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жөндеу жұмыстарының ауқымды көлемі Ақмола облысында іске асырылды. Өңірде 2,6 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 49 қосалқы станция және 555 тарату және трансформаторлық пункт жөнделді.

Павлодар облысында 2 444 шақырым электр беру желісіне, 52 қосалқы станцияға және 609 тарату және трансформаторлық пунктке күрделі жөндеу жүргізілді.

Жамбыл облысында 1,8 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 63 қосалқы станция және 316 тарату және трансформаторлық пункт жөндеуден өтті.

Атқарылған шаралар электр желілері шаруашылығының жылыту маусымынан сенімді өтуге дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралап көрді, деп...

Жоғары мәртебелі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша Аса мәртебелі Бельгиялықтар Королі Филипп пен Аса...

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі мен Патшайымының Қазақстанға жасаған тарихи мемлекеттік сапары екіжақты қарым-қатынастың жаңа парағын ашатынын және қос халық...