Жаңа тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету үшін 52,8 шақырым газ құбыры тартылып, бір газ реттеу пункті және бес шкафтық газ реттеу пункті орнатылды. Газбен жабдықтау көзі ретінде Панфилов ауданында орналасқан «Жаркент» автоматтандырылған газ тарату станциясы пайдаланылды. Оның қуаты қосылған үйлерді сенімді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жиделі, Ақарал, Қызылжиде, Керімағаш және Сарпылдақ ауылдарын газдандыру Жетісу облысының газ инфрақұрылымын кеңейту жұмыстарының бір бөлігі болып табылады. Жалпы, жыл басынан бері Жетісу облысында Кербұлақ ауданының тоғыз елді мекені газдандырылды.
Мемлекет басшысының елді газдандыру деңгейін 80%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасы аясында «QazaqGaz Aimaq» АҚ Энергетика министрлігімен, «QazaqGaz» ҰК» АҚ-мен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, газ тарату инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.


