Алпамыс батыр ауылдық округінде оқушыларға профилактикалық кездесу өтті

Алпамыс батыр ауылдық округінде оқушыларға профилактикалық кездесу өтті

Жастардың құқықтық және психологиялық сауаттылығын арттыру, буллинг, зорлық-зомбылық, сталкинг туралы ақпараттандыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында буллинг, зорлық-зомбылық пен сталкингтің алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, жеке қауіпсіздікті сақтау және қоғамдық жауапкершіліктің маңыздылығы түсіндірілді.
Сондай-ақ нашақорлық пен ойынқұмарлыққа қарсы үнпарақшалар таратылды.
Мұндай іс-шаралар жастардың қауіп-қатерлер туралы хабардарлығын арттыруға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған.

#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алкоголь – денсаулыққа, отбасыға және қоғамға зиян келтіреді. Салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден бас тартыңыз. Өзіңізді және...

Құрметті тұрғындар! Нашақорлық — адам өміріне үлкен қауіп төндіретін зиянды әдеттердің бірі. Есірткі адамның денсаулығын бұзып қана қоймай, оның...

Интернет алаяқтық – азаматтардың жеке деректері мен қаражатын заңсыз иемденуге бағытталған қылмыс. Алаяқтар жалған хабарламалар, күмәнді сілтемелер, телефон қоңыраулары...