Қазақстан мен China Transinfo Group пилотсыз көлікті дамыту жөнінде меморандумға қол қойды

Қазақстан мен China Transinfo Group пилотсыз көлікті дамыту жөнінде меморандумға қол қойды

Астанада өткен NEW SILK WAY халықаралық көлік форумы аясында ҚР Көлік министрлігі мен Қытайдың China Transinfo Group компаниясы пилотсыз көлік пен көлік саласын цифрландыру бағытында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат пилотсыз көлік технологиялары мен цифрлық шешімдерді көлік саласына енгізу бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа негіз қалайды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан халықаралық көлік дәліздерін дамытып, тасымал тиімділігін арттыру және елдің транзиттік әлеуетін толық пайдалану үшін заманауи технологияларды енгізіп келеді.

Биыл Қазақстан мен Ресей «Астана – Мәскеу» бағыты бойынша пилотсыз жүк көліктерінің пилоттық жүрісін жүзеге асырды. Ендігі қадамдардың бірі – Қытаймен бірлесіп, халықаралық көлік дәліздерінің жекелеген учаскелерінде осындай жобаны іске қосу мүмкіндігін қарастыру.

Бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық автомобиль қатынасын дамытуға және көлік байланысын нығайтуға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инфрақұрылымды жақсарту тапсырмасымен әлеуметтік нысандар саланып жатыр. Республика күні...