Түркістанда мерекелік көңіл күй «RED BUS»-пен жалғасты

Түркістанда мерекелік көңіл күй «RED BUS»-пен жалғасты

Түркістанда Республика күні мен Қала күніне орай мерекелік көңіл күй қала көшелерінде ерекше сипат алуда. Қос мерекеге арналған екі қабатты «RED BUS» экскурсиялық автобусы тұрғындар мен қала қонақтарына қуаныш сыйлап, мерекелік атмосфераны жандандыра түсті.

Қала әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов автобус аялдамасында жиналған тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ тұрғындарға сыйлықтар үлестіріліп, автобус ішінде концерттік бағдарлама ұсынылды.

Мерекелік автобус Теміржол вокзалынан бастау алып, Орталық базар, «Turan Mall» сауда орталығының алды және Әуежай аумағында аялдайды.

Мұндай бастамалар қала тұрғындары мен қонақтарының мерекелік көңіл күйін көтеріп, ортақ қуанышты бірге сезінуге мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ