Басқарма басшысы тағайындалды

Басқарма басшысы тағайындалды
Облыс әкімінің өкімімен Рүстем Сабыржанұлы Түркістан облысының дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды. Басқарма басшысын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов таныстырды.
Рүстем Сабыржанұлы 1979 жылы Түркістан облысында туған. Білімі жоғары. Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Алматы экономикалық университетін және Халықаралық гуманитарлық техникалық университетін тәмамдаған. Мамандықтары – экономика және құқық негіздері; мемлекеттік және жергілікті басқару; құқықтану.
Еңбек жолын 2001 жылы Леңгір қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2002-2019 жылдары Леңгір қаласы әкімі аппаратының бас маманы, сектор басшысы қызметтерінде болған.
2019-2022 жылдар аралығында Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, бас инспекторы, қызметтерін атқарып келді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматы облысындағы Жетісу станциясы теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды. Жаңартылған нысан жолаушылар үшін кең, заманауи әрі жайлы болып, қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптарына...

​Делегация Международной организации по миграции и представители государственных органов Греции, Венгрии, Таджикистана, Туркменистана и Узбекистана...

Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері...