СОЗАҚТА ДЕМЕУШІЛЕР БІР ОТБАСЫНА ҮЙ СЫЙЛАДЫ

СОЗАҚТА ДЕМЕУШІЛЕР БІР ОТБАСЫНА ҮЙ СЫЙЛАДЫ
Түркістан облысы, Созақ ауданында «Central Asia Mining Со» ЖШС Қарақұр ауыл округі, Раң ата елді мекенінің тұрғыны Шайнеков Қарабекке үй сыйлады. ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында 561-баспана табысталды. Елді мекені тұрғынына үй беру мәселесіне ауыл имамы Сұлтанбек Шайменов ұйытқы болды.
Үй табыстау рәсіміне аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып құттықтау сөз сөйледі.
– Қазіргі таңда жомарт жандар мұқтаж отбасыларға үй сыйлап, жақсы үрдісті қалыптастырды. Бүгін осындай қуанышты сәттің куәсі болып отырмыз. «Central Asia Mining Со» компаниясы тұрғындар бастамасын қолдап, игі істі жалғастырды. Өзге де компанияларға үлгі болатынына сенеміз. Үйдің іші қуанышқа толы болсын, – деген тілегін жеткізген аудан басшысы қоныс тойына арнап, сый-сияпатын берді.
Сондай-ақ ауданның бас имамы Мейрамбек Әбдіқұлов, ауыл имамы Сұлтанбек Шайменов жылы лебізін білдіріп, алғыстарын жеткізді. Ауыл ақсақалы Тілеубек Ибрайымов батасын берді. «Central Asia Mining Со» ЖШС атқарушы директоры Рахымжан Сейтжанов тұрғынға үйдің кілтін салтанатты түрде табыс етті.
«Central Asia Mining Со» ЖШС Қарақұр ауыл округіне бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында тұрақты түрде демеушілік жасап келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматы облысындағы Жетісу станциясы теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды. Жаңартылған нысан жолаушылар үшін кең, заманауи әрі жайлы болып, қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптарына...

​Делегация Международной организации по миграции и представители государственных органов Греции, Венгрии, Таджикистана, Туркменистана и Узбекистана...

Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының өңірді кешенді дамытуға, оның...