Ержан Саденов киберқылмысқа қарсы күресте елдердің құқық қорғау органдарын күш біріктіруге шақырды

Ержан Саденов киберқылмысқа қарсы күресте елдердің құқық қорғау органдарын күш біріктіруге шақырды

Астанада өтіп жатқан киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі халықаралық конференцияда Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Саденов түрлі елдердің құқық қорғау органдары арасындағы практикалық ынтымақтастықты нығайтуға шақырды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

— Киберқылмыс мемлекеттік шекараларды мойындамайды. Қылмыскер бір елде, ал оның құрбаны басқа елде болуы мүмкін. Ұрланған қаражат санаулы минуттардың ішінде бірнеше мемлекеттің банк шоттары арқылы өтеді, — деді министр.

Ержан Саденов ақпарат алмасуды жеделдетудің, қылмыстық схемаларды бірлесіп анықтаудың және халықаралық тергеу іс-қимылдарын үйлестірудің маңызын атап өтті.

— Біз бірлесе әрекет етуіміз қажет. Ақпарат алмасуды жеделдетіп, қылмыстық схемаларды бірге анықтап, тергеу жұмыстарын үйлестіруіміз керек. Ең бастысы – қылмыстарды ашумен ғана шектелмей, олардың алдын алу, — деп атап өтті министр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Саран қаласындағы Tengri Tyres шина зауытында ел экономикасын нығайту, отандық өндірісті өркендету және өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері...

Саранский шинный завод Tengri Tyres стал площадкой для обсуждения основных задач экономического и промышленного развития Казахстана. Предприятие...

Астанада өтіп жатқан киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі халықаралық конференцияда Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Саденов түрлі елдердің...