РӘМІЗДЕР КЕРУЕНІ ТҮРКІСТАНҒА ЖЕТТІ

РӘМІЗДЕР КЕРУЕНІ ТҮРКІСТАНҒА ЖЕТТІ
ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толуына орай, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен бір ай бұрын бастау алған «Рәміздер керуені» республикалық шарасы  өткен аптада қорытындыланды.
Керуеннің негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында елдігіміздің нышаны – рәміздерді ұлықтап, құндылығын насихаттау.
Аталған керуеннің талаптары мен өз заңдылықтары болды.
Керуенді қабылдап алған өңір қорапшадағы кітапшада көрсетілген арнайы өзіне тиесілі бетке «Рәміздер керуенін» қабылдап алғаны бойынша жастардың фотосын қойып, кітаптың екінші бетіне рәміздердің 30 жылдығына орай, арнау өлеңдерін жазып жолдайды.
Керуен еліміздің Оңтүстік, Солтүстік, Шығыс, Батыс аймақтарындағы қалаларға жетіп, бүгін Түркістанға оралды.
Алдағы уақытта осы қорапшадағы рәміздерді «Ұлы Дала Елі» музейіне қою жоспарлануда.
Ашық аспан астында өткен шарада түркістандық жастар
республика бойынша күндізгі сағат 10-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін өзге аймақтармен бір мезетте бірге орындады.
Атап өтейік, ҚР Рәміздерінің 30 жылдығына орай, жастардың ұйымдастырған екі күндік шарасында «Мен туымды мақтан етемін» автошеруі де өткен болатын. Оған облыстағы 17 аудан-қаланың Жастар орталықтары қатысты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматы облысындағы Жетісу станциясы теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды. Жаңартылған нысан жолаушылар үшін кең, заманауи әрі жайлы болып, қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптарына...

​Делегация Международной организации по миграции и представители государственных органов Греции, Венгрии, Таджикистана, Туркменистана и Узбекистана...

Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының өңірді кешенді дамытуға, оның...