100 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕ НЕМЕРЕЛЕРІМЕН БІРГЕ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

100 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕ НЕМЕРЕЛЕРІМЕН БІРГЕ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ
Түркістан облысы, Арыс қаласындағы Ақдала ауылдық округінде орналасқан №23 референдум учаскесі ресми түрде ашық деп жарияланған соң, дауыс берушілердің алғашқы легін бастап, ауыл тұрғыны 100 жастағы Бейсенбаева Рысалды әже немерелерімен науқанға қатысты.
"Бүгін елімізде өтіп жатқан саяси реформаға өз үлесімді қоссам деген ниетпен, ертемен келіп Жаңа Қазақстан құру жолындағы таңдауымды жасадым. Халқымыз аман болсын! Мемлекетіміз жасай берсін. Өзгерістердің барлығы оңынан болсын!" – дейді Рысалды әже.
Ардақты әжеге саяси белсенділігі үшін референдум учаскесінің төрағасы Нұрғазы Түлекбаев естелік сыйлық табыстады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Орталық Азия және Моңғолиямен ынтымақтастық жөніндегі Еуропалық Парламент делегациясының (DCAS)...

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен «South Hydro Power» ЖШС Түркістан облысында бірнеше...