ҚАЗЫҒҰРТТА 2 СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

ҚАЗЫҒҰРТТА 2 СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ
ҚР Рәміздерінің 30 жылдығына орай, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының Жаңабазар ауылында 2 жабық кіші футбол алаңшасы пайдалануға берілді. Алаңды ауыл азаматы, кәсіпкер Тұяқбаев Бақберген өз қаржысына салып берді. Жасанды алаң мен жабық ғимарат кез-келген мезгілде доп тебуге ыңғайлы. Футбол алаңының ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Айдарұлы, ауыл азаматтары, спорт сүйер қауым қатысты.
– Өз өмірін кәсіби спортпен байланыстырғысы келетіндер осы спорт кешеннен табылатынына сенімдімін, – деді аудан әкімі.
Ашылу салтанаты аясында аудандық турнир ұйымдастырылып, жарысқа 10 команда қатысты. Ойын тартысты өтіп, жеңімпаз бен жүлдегер командаларға, үздік ойыншыларға демеушілер тарапынан арнайы мақтау қағаздары мен дипломдар тапсырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Теңіздегі су көлемінің 18,9-дан 23,5 текше шақырымға дейін ұлғаюы Арал маңындағы балық шаруашылығына, жалпы әлеуметтік-экономикалық ахуалға...

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің...

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің...