ТМД елдерінің төтенше жағдайлар ведомстволарының басшылары Қазақстан ТЖМ инфрақұрылымымен танысуда

ТМД елдерінің төтенше жағдайлар ведомстволарының басшылары Қазақстан ТЖМ инфрақұрылымымен танысуда

Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңестің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар бойынша XXXVIII отырысына қатысу үшін ТМД елдерінің делегациялары Шымкент қаласына жиналуда. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов шетелдік әріптестеріне жақында ауқымды реновациядан өткен №7 өрт сөндіру бөлімін таныстырды. Қонақтар өрт сөндіру техникасымен, бөлімшенің жабдықталуымен және қазақстандық құтқарушылардың қызмет атқару жағдайларымен танысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Танысу шарасына Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Азизбек Икрамов, Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Вадим Синявский, Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Искендер Сулайманов, Тәжікстан Республикасының Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің төрағасы Раджабали Рахмонали, сондай-ақ Армения Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, Құтқару қызметінің директоры Арам Казарян қатысты. Ведомство басшылары өрт сөндіру бөлімшелерін жарақтандыру және жеке құрамды даярлау мәселелерін талқылады.

№7 өрт сөндіру бөлімінің ғимараты 1983 жылы салынған, ал 2014 жылы өрт сөндіру қызметінің қарамағына берілген. 2026 жылы мұнда алты ай ішінде ауқымды реновация жүргізілді. Ғимараттың қасбеті мен ішкі бөлмелері жаңартылып, оқу сыныптары, жатын бөлмелер, душ және киім ауыстыру бөлмелері жабдықталды. Сондай-ақ аумақта спорт алаңдары, воркаут аймағы және демалыс орындары абаттандырылды. Шетелдік қонақтарға жаңартылған бөлімшенің мүмкіндіктері мен тәулік бойы кезекшілік атқаруды ұйымдастыру тәртібі көрсетілді.

Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңестің XXXVIII отырысы 13 қарашада Шымкент қаласында өтеді. Қазақстан халықаралық кездесуді 11 жылдан кейін алғаш рет қабылдап отыр. Оған тоғыз елдің және ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысады деп күтілуде. Қатысушылар төтенше жағдайларға бірлесіп ден қою, құтқарушыларды даярлау және азаматтық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ) «Заң мен тәртіп» республикалық бастамасын қолдау мақсатында «ORTAQ...

Түркістан қаласында кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттыру мәселесінде энергия ресурстарын ұтымды пайдалану маңызды орын алады. Өндіріс орындары, сауда нысандары...

Шығыс Қазақстан облысының фермерлері мен тауар өндірушілері Алматыға 150 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін жеткізеді. Өңірлік жәрмеңке 14–15...