Энергетика вице-министрлері еліміздің 16 өңірінде халықпен кездесті

Энергетика вице-министрлері еліміздің 16 өңірінде халықпен кездесті

Энергетика вице-министрлері Құрылтай депутаттарымен және Қазақстанның Халық кеңесінің мүшелерімен бірлесіп, еліміздің өңірлеріне барып, жергілікті қоғамдастық өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулер барысында Президент Жолдауының негізгі бағыттары түсіндіріліп, экономиканы дамыту, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту және елдің энергетикалық әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Жұмыс сапары аясында Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан және Маңғыстау облыстарында кәсіпкерлермен, жастармен және өнеркәсіптік кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулерде Қазақстанның отын-энергетика кешенінің қазіргі жағдайы, энергетика саласын дамытудың перспективалары, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сондай-ақ елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысының Жолдауда айқындаған 2029 жылға қарай электр энергиясының профицитіне қол жеткізу жөніндегі стратегиялық міндетіне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты кездесуге қатысушыларға жаңа электр станцияларын салу, жұмыс істеп тұрған генерациялау объектілерін жаңғырту, электр желілері инфрақұрылымын дамыту және оның өткізу қабілетін арттыру бойынша іске асырылып жатқан жобалар туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар заманауи технологияларды енгізе отырып, көмір генерациясын дамыту және жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыру жоспарлары таныстырылды. Қабылданып жатқан шаралар елдің энергетикалық жүйесінің орнықтылығы мен сенімділігін арттыруға, сондай-ақ экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ