ПВХ терезе алды тақтайларын өндіруші мемлекеттік қолдаудың арқасында өнім шығару көлемін 33%-ға арттырды

ПВХ терезе алды тақтайларын өндіруші мемлекеттік қолдаудың арқасында өнім шығару көлемін 33%-ға арттырды

Сатып алынған жабдықтың арқасында ПВХ терезе алды тақтайларын өндіретін компания жылдық өндірістік қуатын 33%-ға арттырды. Жаңа өндірістік желіні сатып алуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы өтеді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарықта ілгерілетуге бағытталған шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы шағын және орта бизнесті қолдауды жалғастыруда. Биыл мұндай қолдау алматылық «ПК Вектор» компаниясына көрсетілді. Кәсіпорын ПВХ-дан жасалған терезе алды тақтайларын өндіруге маманданған және осы өнімді шығаратын ірі отандық өндірушілердің бірі болып табылады.

Қазақстандағы құрылыс материалдары нарығында бәсекелестік жоғары. Сондықтан нарықтағы бәсекеге төтеп беру үшін «ПК Вектор» компаниясына жаңа жоғары технологиялық жабдық қажет болды. Кәсіпорын құны 56,2 млн теңге болатын өндірістік желіні сатып алды.

Орнатылған жабдық ПВХ терезе алды тақтайларын өндірудің толық циклін іске қосуға, өнім сапасын жақсартуға және өндірісті толық жергіліктендіру арқылы импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берді.

Осыдан кейін өндірістік кооперативтің басшылығы QazIndustry-ге жүгінді. Қажетті рәсімдерден кейін компанияға жабдық құнының 40%-ы, яғни 22,5 млн теңге қаржы өтелді.

«Жаңа өндірістік желінің арқасында өнім шығару көлемін 33%-ға – жылына 6 мың тоннадан 8 мың тоннаға дейін арттырдық. Заманауи технологияларды енгізу арқылы өнім сапасы мен ассортиментін жақсарттық. Бұл нарықтағы позициямызды айтарлықтай нығайтты. Шығындардың бір бөлігін өтеу түріндегі мемлекеттік қолдау кооперативтің одан әрі дамуына жақсы серпін берді», – деді «ПК Вектор» ЖШС директоры Андрей Тен.

Бұдан бөлек, жаңа жабдықты іске қосу қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта кәсіпорында 40 адам еңбек етеді.

Еске сала кетейік, QazIndustry еңбек өнімділігін арттыруға және өнімді ішкі нарықта ілгерілетуге бағытталған кәсіпорын шығындарының 40-тан 50%-ға дейінгі бөлігін өтеу арқылы мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсынады. Өткен жылы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ынталандырудың қосымша тетіктерін енгізді. Атап айтқанда, кәсіпорындар басымдық берілген тауарларды ел ішінде теміржол көлігімен тасымалдау шығындарының 50%-ына дейін өтей алады. Сонымен қатар халықаралық сертификаттауға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері бес есеге ұлғайтылды.

Қызмет алу үшін өтінімдер QazIndustry ресми сайты арқылы https://qazindustry.gov.kz/v2/ru/business_support онлайн түрде қабылданады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ