Қызылорда облысында тағы екі ауыл табиғи газға қосылды

Қызылорда облысында тағы екі ауыл табиғи газға қосылды

Еліміздің өңірлерінде газ инфрақұрылымын дамыту және халықтың табиғи газға қолжетімділігін арттыру жұмыстары жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті кезең аясында Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр және Ү. Түктібаев ауылдары табиғи газға қосылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде Жанқожа батыр ауылындағы 283 тұрғын үй, 6 әлеуметтік және 7 кәсіпкерлік нысан, ал Ү. Түктібаев ауылындағы 325 тұрғын үй, 4 әлеуметтік және 3 кәсіпкерлік нысан газбен қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, өткен жылы Қызылорда облысында 11 елді мекен газдандырылып, газбен қамту деңгейі 83%-ға жетті. Биылғы жылдың соңына дейін «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында тағы бірқатар елді мекенге табиғи газ жеткізу жоспарлануда. Нәтижесінде газдандыру деңгейі 85%-ға дейін артады.

Жалпы, Энергетика министрлігі газ инфрақұрылымын дамыту бойынша кешенді жұмыстарды жалғастыруда. Биыл 40 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 7 жоба – өтпелі, 33 жоба – жаңа. Жобаларды іске асыру нәтижесінде биыл тағы 36 мыңға жуық адам табиғи газға қол жеткізеді деп күтілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жаңа буын педагогтерін даярлау, ғылыми-техникалық білім беруді дамыту және заманауи білім беру технологияларын енгізу мәселелері Оқу-ағарту министрі Жұлдыз...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді. Онда денсаулық сақтау...