ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА БЕЙІМДІЛІГІ ТЕКСЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР АЗАМАТТАРҒА БЕЙІМДІЛІГІ ТЕКСЕРІЛДІ
Түркістан қаласындағы қоғамдық көліктердің ерекше қажеттілігі бар азаматтарға бейімділігі тексерілді, деп хабарлайды Түркістан қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыс орталығында жалпы қолданыстағы - 220 қоғамдық көлік бар, оның ішінде 50 автобуста ерекше қажеттілігі бар азаматтарға жағдай қарастырылған.
Атап айтқанда, автобусқа кіру үшін пандус пен жедел көмек тетігі, сонымен бірге ерекше қажеттілігі бар азаматтар отыратын арнайы орындықтар орналастырылған.
Шаһардағы жаңадан алынған №14,15,18 және №30, №6 бағыттағы автобустарда ерекше қажеттілігі бар азаматтарға ыңғайлы мүмкіндіктер жасақталған.
Жоспар бойынша қалада жаңа бағыттарға ашылатын автобустарда ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалынады.
Одан бөлек, шаһардағы барлық қоғамдық көліктерде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға жағдай жасау бойынша ескерту беріліп, жұмыстар жүргізіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алматы облысындағы Жетісу станциясы теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды. Жаңартылған нысан жолаушылар үшін кең, заманауи әрі жайлы болып, қауіпсіздік пен қолжетімділік талаптарына...

​Делегация Международной организации по миграции и представители государственных органов Греции, Венгрии, Таджикистана, Туркменистана и Узбекистана...

Халықаралық көші-қон ұйымының делегациясы және Грекия, Мажарстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдарының өкілдері...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының өңірді кешенді дамытуға, оның...