Қазақстанда 9 энергоблок жөнделіп, электр энергиясын өндірудің рекорды жаңартылды

Қазақстанда 9 энергоблок жөнделіп, электр энергиясын өндірудің рекорды жаңартылды

Қазақстанда 2026 жылғы жөндеу науқанының кестесіне сәйкес жоспарланған барлық 9 энергоблокқа күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Осылайша, энергоблоктарды жөндеу жоспары толық орындалды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары Екібастұз ГРЭС-1 станциясының № 2, 4 және 6 энергоблоктарында, Екібастұз ГРЭС-2 станциясының № 1 және 2 энергоблоктарында, Ақсу қаласындағы «ЕЭК» АҚ электр станциясының № 5 және 8 энергоблоктарында, сондай-ақ Жамбыл ГРЭС-інің № 2 және 3 энергоблоктарында жүргізілді.

Сонымен қатар, жылыту маусымына дайындық аясында жоспарланған 55 қазандықтың 51-інде жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалған қазандықтарды жөндеу бекітілген кестеге сәйкес мерзімінде аяқталады.

Бұдан бөлек, 17,1 мың шақырым электр желісінде, 444 қосалқы станцияда және 3 408 тарату және трансформаторлық пунктте жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Сондай-ақ 377 шақырым жылу желісі жөнделді.

Сонымен бірге, 16 қараша күні сағат 18:20-да Қазақстанда электр энергиясын өндіру көлемі 17 356 МВт-қа жетіп, тарихи максимум тіркелді. Бұған дейінгі рекорд 2025 жылы тіркеліп, 17 273 МВт құраған болатын.

Атқарылып жатқан жұмыстар жылыту маусымы кезеңінде тұтынушыларды сенімді әрі үздіксіз электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті жөндеу жұмыстарының барысы мен жылыту маусымының өтуіне тұрақты негізде мониторинг жүргізіп, бекітілген кестелердің сақталуын және жоспарланған іс-шаралардың уақтылы орындалуын бақылауда ұстайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ІІМ көлік жүргізу құқығынан айырылғандардың рөлге отыруына қатаң тосқауыл қоюда. 5 күнде 115 адам қамауға алынды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Түркістан қаласында жастар кәсіпкерлігін дамыту жергілікті экономиканың болашағы үшін маңызды бағыттардың бірі болып саналады. Жас азаматтардың жеке кәсібін...