Жетісу облысында полиция қызметкерлері оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді

Жетісу облысында полиция қызметкерлері оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді

Талдықорған қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектепте Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері жасөспірімдер арасында нашақорлықтың, интернет-қылмыстардың және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесуге есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы және кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында кинолог мамандар қызметтік иттердің қатысуымен арнайы көрсетілім ұйымдастырып, олардың есірткі заттарын іздеу және анықтау кезіндегі мүмкіндіктерін таныстырды. Бұл көрсетілім оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері жасөспірімдерге есірткінің зияны, оны сақтау мен таратудың заң алдындағы жауапкершілігі, сондай-ақ интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы түсіндірді. Оқушыларға есірткіге қарсы бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу ашық микрофон форматында өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен нақты жауаптар алды.

Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, есірткіге қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыру және кәмелетке толмағандардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуының алдын алу.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ІІМ көлік жүргізу құқығынан айырылғандардың рөлге отыруына қатаң тосқауыл қоюда. 5 күнде 115 адам қамауға алынды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...

Түркістан қаласында жастар кәсіпкерлігін дамыту жергілікті экономиканың болашағы үшін маңызды бағыттардың бірі болып саналады. Жас азаматтардың жеке кәсібін...