Қазақстан мен Экваторлық Гвинеяның авиация ведомстволары өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Экваторлық Гвинеяның авиация ведомстволары өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады

Монреаль қаласында (Канада) өтіп жатқан 7-ші Дүниежүзілік азаматтық авиация конференциясы аясында Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Сантьяго Ойоно Афугу Эйенгамен және Экваторлық Гвинеяның ИКАО Кеңесі жанындағы Тұрақты өкілі Эстанислао Эсоно Ангесумомен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Тараптар азаматтық авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ екі мемлекеттің авиация ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Экваторлық Гвинеяның авиация ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар әріптестік қатынастарды одан әрі дамыту, кәсіби өзара іс-қимылды кеңейту және азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласында тәжірибе алмасу мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Экваторлық Гвинея Республикасы арасындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және сындарлы диалогты дамытуға өзара мүдделілік расталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласында кәсіпкерлік қызметті жоспарлау кезінде тұтынушылар сұранысының жыл мезгілдеріне қарай өзгеруін ескеру маңызды. Сауда, қоғамдық...

Қазақстанда ғылымның экономиканың нақты секторымен ықпалдастығы күшейіп келеді. Қолданбалы зерттеулерді дамытуға, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге,...