Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік су инспекциялары су қорғау аймақтары мен белдеулерінде карьерлерді заңсыз қазу және пайдалы қазбаларды рұқсатсыз өндіру фактілерін анықтау мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Балқаш-Алакөл бассейндік су инспекциясы Жетісу облысының табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, Қаратал өзенінің арнасын заңсыз өзгерту әрекетін анықтап, оның жолын кесті. Тексеру барысында уәкілетті мемлекеттік органның тиісті келісімінсіз су нысанының табиғи арнасын өзгертуге әкеп соққан жұмыстар жүргізілгені белгілі болды. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.
«Өзен арнасын заңсыз өзгерту су нысанының табиғи гидрологиялық режимінің бұзылуына, жағалаулардың шайылуына және оған іргелес аумақтарды су басу қаупіне әкелуі мүмкін. Мұндай жұмыстар Қазақстан Республикасының су заңнамасының талаптарына қатаң сәйкес жүргізілуі керек», – деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқарушы Темірлан Әбдіқұлов.


