Шымкентте «Жаяу жүргінші» іс-шарасы барысында 3,5 мың құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте «Жаяу жүргінші» іс-шарасы барысында 3,5 мың құқық бұзушылық анықталды

Қала прокуратурасының үйлестіруімен ағымдағы жылғы 13–22 қараша аралығында Полиция департаменті «Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды Шымкент қаласының прокуратурасы.

Іс-шараның мақсаты - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаяу жүргіншілердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру.

Рейдтік іс-шараларға прокуратура қызметкерлері, автопатрульдік экипаждар мен жаяу патрульдік нарядтар жұмылдырылған.

Құқық бұзушылықтарды анықтау және жол қозғалысын бақылау полицияның Жедел басқару орталығы мен ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен жүзеге асырылуда.

Тек, 13-16 қарашада 3,5 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтуінің 1775 және жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол бермеуінің 514 дерегі тіркелді. Осы құқық бұзушылықтар бойынша 2289 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Рейдтік жұмыстар нәтижесінде өткен аптаның сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер тарапынан анықталған құқық бұзушылықтар саны 104%-ға (1 124-тен 2 289-ға дейін) өскен.

Атап айтқанда, жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу деректері (ӘҚБтК-нің 600-бабы) 2,5 есеге (145-тен 514 дерекке дейін), ал жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы қағидаларын бұзу деректері (ӘҚБтК-нің 615-бабы) 81,3 % (979-дан 1775 дерекке дейін) артқан.

Бұл көрсеткіштер жол қозғалысы қағидаларының сақталуына бақылауды күшейтудің маңыздылығын көрсетеді.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау – баршамызға ортақ міндет.

Осыған байланысты қала прокуратурасы жаяу жүргіншілерді жолды тек белгіленген орындардан кесіп өтіп, бағдаршам талаптарын сақтауға, ал жүргізушілерді жаяу жүргіншілерге жол беріп, олардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Форумның өзектілігіне тоқталып, ғылыми қоғамдастық өкілдерін алдағы ауқымды өзгерістерге дайын болуға шақырды, деп хабарлайды...