Қазақстан мен Швеция тау-кен саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады

Қазақстан мен Швеция тау-кен саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады

Қазақстан мен Швеция аса маңызды шикізат пен тау-кен өнеркәсібін орнықты дамыту жөнінде стратегиялық диалог өткізді. Кездесуде Қазақстан үшін басым жобалар, Швеция технологияларын қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ инвестиция тартып, бірлескен бастамаларды іске қосуға дайындаудың жолдары талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесуге ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Олжас Әлібеков төрағалық етті. Қазақстан тарапы аса маңызды шикізат пен жер қойнауын орнықты пайдалану жөніндегі басым бағыттарын таныстырып, шетелдік серіктестермен бірлесіп іске асыруға болатын жобаларды ұсынды. Қатысушылар екі елдің кәсіпорындары тау-кен өнеркәсібін жаңғыртуда қалай бірлесе жұмыс істей алатынын талқылады.

Жиынға Швецияның Қазақстандағы елшісі, екі елдің кәсіпорындары, қаржы ұйымдары мен даму институттарының өкілдері, сондай-ақ Business Sweden Швецияның сауда және инвестиция кеңесінің өкілдері қатысты. Қазақстандық кәсіпорындардан «Тау-Кен Самұрық», Kazakh Nickel және «Таза метал технолоджис», ал Швециядан Epiroc, Volvo Construction Equipment және Scania компаниялары қатысты.

Кездесу қорытындысында тараптар жобаларды пысықтап, оларға қаржылай қолдау көрсету тетіктерін қарастыруды жалғастыруға уағдаласты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөйлеген сөзінде соңғы жеті жылда аграрлық салада қол...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөйлеген сөзінде «Халықтық құрылыс» бағдарламасының...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйлеп, аграрлық саланың ел экономикасындағы стратегиялық маңызына, ауыл...

Шымкент қаласында кәсіпкерлікті дамыту және еңбек нарығын қажетті мамандармен қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылуда. Соның бірі –...