Бейжіңде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің қытайша аудармасы таныстырылып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бейжіңде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің қытайша аудармасы таныстырылып, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бейжіңдегі Қазақстан мәдени орталығында Қазақстан мен Қытайдың гуманитарлық және құқықтық ынтымақтастығына арналған дөңгелек үстел өтті. Жиында Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің қытай тіліндегі аудармасы да таныстырылды, деп хабарлайды No-comment.kz – Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Талқылауға екі елдің дипломатиялық мекемелері, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, заң және баспа салаларының өкілдері қатысты.

Қатысушылар гуманитарлық байланыстарды кеңейту, бірлескен құқықтық зерттеулер жүргізу және заңгерлік білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады.

Азаматтық кодекстің қытай тіліне аударылуы шетелдік мамандарға Қазақстанның құқықтық жүйесімен танысуға мүмкіндік беріп, ғылыми және тәжірибелік ынтымақтастықтың дамуына ықпал ететіні атап өтілді.

Іс-шараға Бейжің тіл және мәдениет университетінің профессоры Лю Шицинь де қатысты. Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы университетте білім алған кезде оған сабақ берген.

Кездесу қорытындысында Бейжіңдегі Қазақстан мәдени орталығы мен Ганьсу саясаттану және құқық университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат ғылыми алмасуды дамытуға, мәдени іс-шаралар өткізуге және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Іс-шараны Бейжіңдегі Қазақстан мәдени орталығы мен Ганьсу саясаттану және құқық университеті Қазақстан мен Қытайдың тоғыспалы мәдениет жылы және университеттің 70 жылдығы аясында бірлесіп ұйымдастырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласында азық-түлік саудасы мен қоғамдық тамақтану саласының тиімді жұмыс істеуі өнімдерді дұрыс сақтау және жеткізу жүйесіне байланысты. Әсіресе...

Ербол Мырзабосынов Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. 100 келіге дейінгі салмақ...

Түркістан қаласында шағын өндірісті дамыту және жергілікті кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейту экономикалық өсудің маңызды бағыттарының бірі болып саналады....