Қазақстанның әлеуметтік сақтандыру жүйесі – ресми жұмыс істейтін азаматтардың тұрақтылығының басты кепілі

Қазақстанның әлеуметтік сақтандыру жүйесі – ресми жұмыс істейтін азаматтардың тұрақтылығының басты кепілі

Елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 20 жылдан астам уақыт бойы табысты жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

•    7 миллион қазақстандық әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылған;

•    жыл сайын 1,3 миллионнан астам адам әлеуметтік төлемдер алады;

•    әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде сақтандырылған қызметкерлерге жыл сайын 900 млрд теңгеден астам қаражат төленеді.

Бүгінде бұл жай ғана қаржылық тетік емес, ресми еңбек ететін азаматтарды біріктіріп, әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда қолдауды қамтитын тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімнің берік негізі.

Жүйе Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) озық халықаралық стандарттарын ескере отырып құрылған. Оның негізінде ортақ жауапкершілік, әділдік және дербестендірілген есепке алу қағидаттары жатыр. Сонымен қатар ол заманауи цифрлық әрі проактивті форматта жұмыс істейді.

Осы қағидаттарға сүйене отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) азаматтарды мынадай әлеуметтік тәуекелдерден сақтандырады:

1. Еңбек ету қабілетінен айырылу. Егер жұмыс істейтін азамат денсаулық жағдайына байланысты еңбек ету қабілетінен айырылса, Қор оған зейнеткерлік жасқа толғанға дейін ай сайын әлеуметтік төлем тағайындайды.

2. Асыраушысынан айырылу. Отбасының асыраушысы қайтыс болған жағдайда Қор оның балаларына кәмелет жасқа толғанға дейін (күндізгі оқу нысанында білім алған жағдайда 23 жасқа дейін), сондай-ақ басқа да асырауындағы адамдарға қосымша қаржылық қолдау көрсетеді.

3. Жұмысынан айырылу. Жаңа жұмыс іздеу кезеңінде азамат екі бағыт бойынша қолдауға ие болады: жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін Мансап орталығы оған бос жұмыс орындарын ұсынуға және тұрақты жұмысқа орналасқанға дейін көмектеседі. Ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор бұрынғы жалақысының 45%-ына дейінгі мөлшерде үш айға дейін әлеуметтік төлем төлейді. Бұл азаматқа жаңа жұмыс табуға және тұрақты жұмыспен қамтылуға мүмкіндік береді.

4. Ана мен баланы қолдау (жүктілік және босану, сондай-ақ бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты). Болашақ аналарға жалақысына сәйкес келетін әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Ал бала дүниеге келгеннен кейін оның бір жарым жасқа толуына дейін ай сайынғы төлемдер төленеді.

Қордың қосымша қолдауының арқасында жүздеген мың отбасы баланың денсаулығы үшін аса маңызды кезеңде оның күтіміне көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік алды.

Әлеуметтік төлемдерді рәсімдеу тәртібі барынша жеңілдетіліп, цифрландырылған. Егер азаматтың табысы туралы мәліметтер мемлекеттік дерекқорларда болса, төлемді eGov.kz порталы немесе SMS-хабарлама арқылы проактивті қызметті пайдаланып, қашықтан рәсімдеуге болады.

Қажет болған жағдайда ХҚКО-на да жүгіну керек. Бүгінде мұндай цифрлық тәсілдердің көмегімен көрсетілетін қызметтердің 80%-ға жуығы электрондық форматта ұсынылады.

Азамат ресми түрде жұмыс істеген кезеңде ол үшін Қорға әлеуметтік аударымдар түсіп отырады. Жалдамалы қызметкерлер үшін әлеуметтік аударымдарды жұмыс беруші жалақыдан ұстамай, өз қаражаты есебінен төлейді. Ал кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар аударымдарды өздері аударады.

Осылайша, әрбір жұмыс істейтін азаматтың болашақтағы әлеуметтік тәуекелдерден қорғайтын жеке қаржылық қорғаны қалыптасады. Мемлекеттік базалық жәрдемақылар толықтырылып, азаматқа қосымша қаржылық тірек қалыптасады.

Қордан төленетін әлеуметтік төлемдер отбасының әл-ауқат деңгейіне байланысты емес. Оларды алу құқығы азаматтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуына және ол үшін әлеуметтік аударымдардың төленуіне негізделеді.

Жүйенің басты құндылығы – азаматтар үшін нақты қаржылық тиімділігінде. Мұны 2026 жылғы еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдерге қатысты статистика айқын көрсетеді:

-    жүйеге қатысу кезеңінде 166 мың қолданыстағы алушы үшін Қорға 96 млрд теңге әлеуметтік аударым түскен;

-    ал оларға төленген әлеуметтік төлемдердің жалпы көлемі 400 млрд теңгеден асқан.

Бұдан бөлек, Қор осы ұзақ мерзімді төлемдерді алдағы уақытта жалғастыру үшін тағы 475 млрд теңге көлемінде міндеттемелер алған.

Бүгінде Қазақстанның міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі заманауи технологиялар мен әлеуметтік әділдік қағидаттарының әрбір азаматтың игілігі үшін қалай жұмыс істей алатынын көрсетеді. Ол ресми жұмыспен қамтылуды өз әл-ауқатына және ертеңгі күнге деген сеніміне салынған инвестициялардың біріне айналдырады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келесі материалда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің азаматтар мен бизнеске қосымша шығын түсірмей, жұмыс істейтін қазақстандықтарды қалай сенімді қорғайтыны туралы толығырақ баяндайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы стратегиялық даму мәселелері жөніндегі сараптама тобы» туралы...

Ұлытау облысында нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмай келген жалпы көлемі 7 260 гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп...

Түркістан қаласында халыққа тұрмыстық қызмет көрсету бағытындағы кәсіпкерлікті дамыту жергілікті экономикалық белсенділікті арттыруға мүмкіндік...

Шымкент қаласында өңдеу өнеркәсібін дамыту және отандық кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Жергілікті өнеркәсіптің маңызды...

Су ресурстары және ирригация министрлігі технологиялық және өндірістік міндеттерді шешу, сондай-ақ қолданбалы ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу...